Мысалы, табиғи
каучуктің циклденген латексі латексті бұйымдар өндірісінде қолданылады. Циклді
каучуктерді олардың жоғары химиялық төзімділігі, суға – және
атмосфераға
тұрақтылығы арқасында коррозияға қарсы және электр өткізбейтін
лак – бояулы қаптамалар өндірісінде қолданады. Сондай – ақ циклденген
каучук резинадан жасалған бұйымдарға толықтырғыш ретінде
де олардың төзімділігін
арттыру мақсатында
ендіреді. Цис – полиизопрен мен цис – полибутадиеннің цис – транс – изомеризациясы олардың
суыққа төзімділігін арттырады, себебі олар кристалдану процесін баяулатады. Циклдену
реакциясына полимер ретінде
ауа қатысумен полиакрилонитрильді қанықпаған
бүйірлік топтар арқылы
циклизациясын келтіруге болады: